Accessibility links

Халықаралық қоғамға өзінің ресми жауабын Иран тек келесі айда ғана береді


БАНЖУЛ. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан Африкалық одақтың Гамбий елінде өтіп жатқан саммитінен тыс Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадпен кездесті. Ұлттар Ұйымы өкілінің хабарлауынша, тараптар Иранды уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартуға ынталандыру мақсатында халықаралық қоғамның Теһранға берген соңғы ұсыныстарын талқылады. Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Иран лидері ол ұсыныстарға жылы қарайды. Бүгін Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Азефи мәлімдегендей, Иран ол ұсыныстарға ресми жауабын келесі айда береді.
XS
SM
MD
LG