Accessibility links

“Дискавери” кемесі ғарышқа қашан самғайды?


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың "Дискавери" ғарыш кемесінің ұшырылуы тағы да кейінге ысырылуы мүмкін. Канаверал мүйісіндегі ғарыш алаңы орналасқан ауданда күн күркіреп тұр. НАСА агенттігі мамандарының пікірінше, ауа райының ашыла қоюы екіталай. Соған қарамастан, кемеге жанар май құя бастады. Оның ұшырылуы бүгін кешке белгіленіп отыр. Бұл – “шаттл” кемесінің соңғы жылдағы бірінші рет, “Коламбия” кемесі апатқа ұшырған 2003-інші жылдан бері екінші рет қана ұшырылуы болмақшы.
XS
SM
MD
LG