Accessibility links

Азия мен Еуропаның бірнеше елі нөсер жаңбырдан жапа шегіп отыр


БУХАРЕСТ. Румыния мен Украина, Түркия мен Қытайдағы шелектеп құйған нөсер жаңбыр мен Пәкістандағы лай-су көшкіні соңғы 1 тәуліктің ішінде кем дегенде 71 адамның қазасына себеп болды. Румынияның солтүстігі мен шығысындағы жолдар мен фермаларды және ғимараттарды күтпеген жерден су басып, 11 адам мерт болды. Украинаның Қара теңіз жағалауындағы түбегінде нөсер жаңбыр су бөгетін бұзып жарып, 7 ауылды су басып, 2 әйел қаза тапты.
XS
SM
MD
LG