МӘСКЕУ. Бүгін Ресей президенті В.Путин үкіметтік емес ұйымдардың Мәскеуде екінші күн жалғасып өтіп жатқан халықаралық форумында сөз сөйлеуді жоспарлап отыр. Дүйсенбі күні басталған бұл форумның басты міндеті - әлемдегі жетекші 8 ел лидерлерінің С.Петерборда өтетін саммитіне ұсыныстар дайындау. Жиынға бүкіл әлемнен 700-дей өкіл қатысуда.