АСТАНА. Бүгін Қазақстанда президент Н.Назарбаев бастаған “Отан” патиясы мен оның үлкен қызы Дариға төрайымы болып табылатын “Асар” партиясы бірікті. Республикалық “Отан” партиясының бүгін болып өткен кезектен тыс сиезінде осындай шешім қабылданды. Бұл бірігуді саясаттанушылар Н.Назарбаевтың билігін нығайту және оның қызы – Дариғаны – жеке дара саясаткер ретінде таныту деп тарастырады. Н.Назарбаев – құрамында енді 700 мың мүшесі бар жаңа партияның лидері, ал Дариға – оның 3 орынбасарының бірі болады.