МӘСКЕУ. Ресей президенті В.Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымы орнатқан ережелерді орындауын доғарады. Бүгін В.Путин: “Егер Ресей кейбір себеппен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы мәселесі бойынша келісімге келе алмаса, онда Мәскеу бұдан былай Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін орындамайды”, -деп мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ – Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын әлі қолдамай отырған жалғыз ел.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV