Жалпы Қазақстан мен Қырғызстан арасында 11 құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде Ыстықкөл облысындағы демалыс орындарының меншік құқығын реттеу құжаты бар. Президент Назарбаев айтып өткендей, Қазақстанның Ыстықкөлдегі меншік мәселесі шешілген енді 4 нысан Қазақстанға көшеді және онда құрылыс жасап жаңартуға болады.
«Болашақта бұл нысандар 3-4 жұлдызды қонақ үйлерге айналады, бұл қырғызстандықтар үшін қосымша салық және жұмыс орындары», - деді Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев. Осы нысандарға қазақстандықтар қожайын болғанымен, олар бұл нысандарды өздерімен бірге алып кетпейді деді ол.
Өз кезегінде Қазақстан Қырғызстаннан келетін еңбеккер мигранттардың құқын қорғауға уәде берді. Кездесуден кейін президент Назарбаев екі президент еңбеккер мигранттардың құқын қорғайтын құжатқа қол қойғанын айтты.
«Осы уақытқа дейін Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қырғызстандық еңбеккерлерге жұмыс істеуге берілген рұқсаттың өзі Қырғызстан үшін көмек болды», - деді Қырғыз президенті Қ.Бакиев.
Сонымен бірге, президент Назарбаев Қазақстан Қырғызстанның 300 студентіне грант беруге дайын екенін хабарлады. Яғни, Қырғызстан шәкірттері Қазақтан бюджетінің қаржысына осы елде білім алуға мүмкіншілік алады.
«Ал, қазақстандықтар Қырғызстанға барып дем алғысы келеді, бірақ, қорқады», - деді президент Назарбаев.
Қ.Бакиев Қырғызстандағы жағдай туралы әртүрлі алып-қашпа сөздердің шындыққа ұласпайтынын айтып, «Ыстықкөлде демалатын қазақстандықтар кейде асыра сілтеп жібереді», деді.
Мұнан өзге екі президент өзара тиімді салаларды талқылап, инвестицияға тоқталды. Қырғызстанда берілетін несиелердің жартысынан астамы Қазақстан қаржысынан беріледі деген ақпарат бар, өйткені Қырғызстанда Қазақстанның 5 банкісі жұмыс істейді.
«Ал, Қырғызстанда қаржы аз болғанымен салық жүйесі жақсартылған. Елге енгізілетін кез-келген жабдықтарға қосымша құн салығы салынбайды», - деді президент Бакиев.
Бұл жолы Қазақстан Қырғызстанмен 2,5 млрд доллар тұратын нысандардың тізімі жазылған ниеттеме хаттамасына қол қойды. Қазақстан несие ретінде ақша беруге немесе осы нысандарда тікелей жұмыс істеуге дайын, деді қазақ президенті.
«Менің ойымша, болашақта Қырғызстан капиталы да Қазақстанға келеді, кезінде біз де қол созып қарыз алғанбыз, қазір бізге несие керек емес және ешкімнен де, АҚШ-ты қосқанда да, саяси талаптарды қабылдамаймыз», - деді президент Назарбаев.
Қырғыз президенті Бакиев үкіметаралық комиссиялар құрылған кезде бір рет кездесіп қол қойып тарап кетеді, әрі қарай іс болмайды деген сөз, сондықтан бұл кездесулер жиірек өткізілсе екен деген ниетін білдірді.
Ресми ақпарат бойынша, 2005 жылы Қазақстан мен Қырғызстанның сауда айналымы 350 миллион доллардан асқан. Осы уақытқа дейін Қазақстаннан Қырғызстанға салынған инвестициялар көлемі 200 миллион долларға жетті.