Accessibility links

Бұрынғы АҚШ жауынгері өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамай отыр


ЛУИСВИЛЛ. АҚШ армиясының бұрынғы жауынгері Стивен Грин Ирақ қызын зорлап, Ирақ отбасын өлтіргені жөнінде өзіне тағылып отырған айыптарды мойнына алмады. Оның қылмыстық ісі бойынша сот Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында өтіп жатыр. Өзіне ресми айып тағылған соң 30-ыншы маусым күні Грин армиядан босатылды. Оған 12 наурыз күні Әл-Махмудия қаласында болған оқиға бойынша айып тағылып отыр. Осы күні 4 жаннан тұратын отбасы, оның ішінде 5 жастағы сәби қырылып, өлім алдында 16 жастағы қыз-бала зорланды. Ирақ премьер-мнистрі Нұри Әл-Мәлики коалициялық күштердің жауынгерлері пайдаланатын иммунитетті жоюды талап етуде.
XS
SM
MD
LG