БАҒДАД. Ирақтың Әл-Анбар өлкесінде 3 АҚШ жауынгері қаза тапты. АҚШ армиясы басшылығының хабарлауынша, олар қарсыластарымен шайқаста мерт болды. Әзірше одан басқа мәлімет жоқ. Ирақтың Әділет министрлігі хабарлағандай, бүгін Ирақ үкіметі мен АҚШ армиясы шамамен 370 тұтқынды түрмеден босатты. Тұтқындарды босату – Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликидің ұлттық келісімге жету жоспарының ең басты да маңызды бөлігі болып табылады. 6-ншы маусымнан бері қарай жүзеге асырыла бастаған осы жоспарға сәйкес, 3 мыңға жуық адам бостандыққа шықты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"