Президенттік сайлауларда жеңіліп қалған Виктор Януковичтің Аймақтар партиясының жаңа коалиция түзу барысындағы әрекеттері елдегі саяси тепе-теңдікті өзгертіп отыр. Жаңа коалиция парламенттегі 450 орынның 230-ын иеленетін болады. Мұның нәтижесі Януковичтің үкімет басшысы болуына алып баратын сыңайлы. 2004-ші жылғы сайлаулар қорытындысында Янукович жеңіске жетті делінген еді. Алайда наразылықтар нәтижесіндегі қайта сайлауларда ол жеңіліске ұшыраған болатын. Ол қазір коалиция құрамына өзгелерді де шақыруда.
“Коалиция есігі әрқашан да ашық. Коалицияға мүшелікке кез-келген саяси күштер өтініш жасай алады”, - деді Янукович мырза.
Қызғылт-сары коалицияны қолдаушы партиялардың парламенттік жаңа коалиция түзе алмауы себепті президент Юшенко мырза жеңілісті мойындады. Парламент бейсенбі күні Социалистер жетекшісі Олександр Морозды төраға етіп сайлаған болатын. Бұдан бұрын Социалистер мен Қызғылт-сары одақ және бұрынғы үкімет басшысы Юлия Тимошенко бірнеше айға созылған келіссөздерден кейін жаңа үкімет құруға келіскен еді. Алайда Аймақтар партиясының қолдауымен социалист Мороз мырза спикер боп сайланды да, соның нәтижесінде бұдан бұрынғы үштік арасындағы әлгі келісім өзінің заңдық күшін жойды. Юшенко мырза болса үкіметті тездетіп құруға шақырып отыр.
“Парламент басшысы немесе үкімет басшысының сайлануының заңдылығы жөніндегі айтыстардың басталып кетуін болдырмау үшін, ең дұрысы, Конституция бойынша белгіленген уақыт межесін басшылыққа алуымыз керек. Сонымен, осыған орай менің айтарым, коалиция құру жауапкершілігін өз мойнына алған күштер ол міндеттерін белгіленген уақыт межесіне дейін орындай алмайтын болса, онда Парламентті тарату қаупі бар екендігін айтқым келеді”, - деді Юшенко мырза.
Демек, бұл жағдай Януковичтің үкімет басшысы болып мақұлданып және жаңа үкімет құруына екі аптадан сәл ғана артық уақыт беріп тұр. Тимошенко болса, өз партиясының “тығырықты жағдайдағы коалицияға” қосылмайтындығын айтты. Украйнада қалыптасып отырған бұл соңғы саяси бей-берекеттіктер де Украйна ішіндегі саяси күштердің бір бөлігінің батысшыл, ал екінші бөлігінің ресейшіл бағытты ұстануынан туындап отырған проблемаларды тағы да бір айқындай түскендей.