Accessibility links

Ирақтың экс-президенті мен оның 7 үзеңгілесі өлім жазасына кесілуі мүмкін


БАҒДАД. С.Хусеиннің ісін қарайтын Бағдад соты бүгін бұрынғы диктаторды қорғайтын адвокаттардың шешуші уәждерін тыңдауға тиіс. Соттың бұл отырысы қарақшылардың өткен айда С.Хусеинді қорғайтын адвокаттардың бірін өлтіруінен кейін өтейін деп отыр. Сот отырысы басталған өткен жылдың қазан айынан бері Саддамның үшінші адвокаты өлтірілді. Егер экс-диктатор мен оның 7 үзеңгілесі - 1982-нші жылы Дужайыл ауылындағы 148 шийтті қырғаны үшін айыпты болып танылса, барлығы да өлім жазасына кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG