Accessibility links

Енді С.Милошевичтің одақтастары болған саясаткерлердің қылмыстық ісі қарала бастайды


ГААГА. Бүгін Гаагадағы әскери қылмыстар бойынша Халықаралық трибунал сербтердің бұрынғы жоғары лауазымды 6 саясаткері мен жоғары шенді офицерінің қылмыстық істерін қарауға кіріседі. Югославияның экс-президенті Слободан Милошевичтің одақтасы болып есептелетін осы 6 адамға, оның ішінде бұрынғы серб президенті Милан Милутиновичке Косово өлкесінің албандарына қарсы зұлымдық пен террорды жоспарлап, соған тапсырыс берді деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG