ВАШИНГТОН. АҚШ-тың Ұлттық барлау агенттігінің директоры Джон Негропонте Ирақтағы сүнниттер мен шийттердің арасындағы қантөгістің кеңейе түскенін мойындады. Бірақ бұл, оның мәлімдеуінше, “қадағалауға жатпайтын жағдай емес”. Вашингтоннан Ассашиэйтед Пресс агенттігі хабарлағандай, Дж.Негропонтенің айтуынша, әлгіндей қантөгіс, негізінен, Бағдадты қоса алғанда, Ирақтың Әл-Анбар және сүнниттер тұратын өзге де облыстарында ғана байқалады. Ирақ үкіметінің елдегі қауіпсіздікті қалпына келтіру жоспары бар ғой деп үміттенеді Негропонте.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV