Accessibility links

АҚШ әкімшілігі Жоғарғы соттың шешімін бұлжытпай орындады


ВАШИНГТОН. Американың барлық әскери түрмесіндегі - оның ішінде Гуантанамо соғыс базасындағы тұтқындар - соғыс тұтқындарының Женева конвенциясында көрсетілген құқықтарына ие болады. Ол жайында АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің меморандумында айтылады. Осылайша АҚШ үкіметі Жоғарғы соттың қаулысын орындады. Жоғарғы соттың қаулысы бойынша, лаңкестікпен шұғылданды деген күдікпен тұтқындалғандардың барлығы да Женева конвенциясына қарайды және сот президент Дж.Буштың әскери трибуналдарды құруын “заңсыз” деп тапты.
XS
SM
MD
LG