Accessibility links

В.Ющенко мен Ю.Тимошенконың партиялары жаңа коалицияның құрылуын сотта дауламақшы


КИЕВ. Кеше Украина президенті Виктор Ющенкоға “Аймақтар партиясының” лидері В.Януковичті премьер-министр етіп тағайындау туралы ресми ұсыныс жіберілді. Януковичті “Аймақтар партиясы” мен Социалистік және Коммунистік партиялардың депутаттарынан құрылған “Дағдарысқа қарсы...” деп аталатын жаңа коалиция ұсынды. “Ю.Тимошенконың блогі” мен президенттік “Біздің Украина” партиясы жаңа коалицияның құрылуы мен социалистердің лидері Олександр Мороздың Жоғарғы Раданың төрағасы болып сайлануын “заңсыз” деп тану талабымен сотқа шағымданды.
XS
SM
MD
LG