БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеин мен оның 3 үзеңгілесі осымен 5-інші күн қатарынан аштық өткізуде. Ирақтағы АҚШ әскерінің хабарлауынша, олар аштықты өздерінің қылмыстық істерін қараған сотқа наразылық есебінде өткізіп жатыр. Қазір төртеуінің де денсаулығы ойдағыдай көрінеді.