Accessibility links

Ресей Косово өлкесінің мәртебесін Сербтер мен косовалық албандардың келіссөзі арқылы шешу керек деп санайды


НЬЮ-ЙОРК. Ресейдің БҰҰ-ындағы елшісі Виталий Чуркиннің мәлімдеуінше, Косово өлкесінің мәртебесін шешуге БҰҰ-ының ешқандай құзыры жоқ, бұл мәселені тек келіссөз арқылы шешкен дұрыс. Ресей дипломаты мұндай пікірін БҰҰ-ының қауіпсіздік Кеңесінде Сербия мен Косово өлкесінің арасындағы келіссөзге Ұлттар Ұйымы атынан дәнекер болушы Мартти Ахтисааридің кеңес беруінен кейін білдірді. Сербия Косовоға тәуелсіздік беру талабымен келіспейді.
XS
SM
MD
LG