НЬЮ-ЙОРК. Бүгін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Израильдің Ливанға шабуыл жасауын талқылау үшін төтенше мәжілісіне жиналады. Сәрсенбі күні “Хезболлаһ” тобының 2 Израиль жауынгерін тұтқындауынан кейін, Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан кем дегенде 50 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бүгін таң сәріде Израиль Бейрутты Сирия астанасы – Дамаскімен байланыстыратын негізгі автожолды бомбалады. Кеше “Хезболлаһ” тобы Израильдің үшінші ірі қаласы болып табылатын Хайфа қаласын зымырандармен атқылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV