Accessibility links

Хавьер Солана Таяу шығыстағы атысты тоқтатуға шақырып отыр


Бүгін Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана Израйл күштері мен Ливандық Хизболла жауынгерлері арасындағы атысты тоқтатуға шақырды. Израйл сыртқы істер министрі Ципи Ливнимен кездесуден шыққан соң, Хавьер Солана Хизболланы 12-ші шілдеде шекарадағы шабуылдары үшін сынға алды. Ол сондай-ақ, Хезболланы қамауға алған Израйлдық екі сарбазды босатуға шақырды. Қақтығыстың жалғасуы Ливан үкіметін әлсіздендіреді деген. Оның алдында Бейрутта Ливан ресмилерімен кездескен Солана дипломатиялық жолмен қақтығысты тоқтатуға күш салу керек деген.
XS
SM
MD
LG