Accessibility links

Қытай Ресейлік мұнай компаниясының құнды қағаздарын сатып алды


Қытайдың Ұлттық мұнай корпорациясы Ресей мемлекеттік мұнай компаниясы «Роснефттің» 500 млн долларлық акциясын сатып алды

Қытай әлемдік энергетикалық базардан қандай нәрсе саудалайтын болса да одан үлкен пайда түспесе оған аяқ баспайтындығы ежелден белгілі, деп бастайды өз талдауын тілшіміз Брефни О.Рук.

Ал мұнай мен газга келгенде Қытайдың өз есебі барлығы да белгілі жәйт. Сондықтан «Роснефть» Лондон және Мәскеу биржаларында 10 млрд долларлық акцияны сатуға қойысымен-ақ, Қытай алғашқылардың бірі болып жедел іске кірісті.

Жалпы Қытай мұнай корпорациясы «Роснефть» ұсынған бүкіл акцияның үштен бірін, яғни 3 млрд долларлық бөлігін сатып алу ниетінде еді. Бірақ ол акцияның 1 млрд долларлық бөліміне «Бритиш Петролиум», тағы да 1млрд 100 млн доллар бөлігіне Малайзияның мемлекеттік «Петронас» компаниясы серік болып үлгірді.

Әйткенмен қытайлық корпорацияның Бейжіңдегі өкілдері бұл ретте Қытайға «Роснефттен» бұйырған акция неге жарты-ақ млрд болып қалғандығының себебін айта алмады.

Ал Лондондағы Корольдық институттың сарапшысы Куен Воок Пайктің айтуынша, кезінде Қытай ресейлік «Славнефть» компаниясымен жасамақ болған сауда бизнесінен де нәтиже шықпаған көрінеді.

- Ол кезде тіпті Қытай ұлттық мұнай корпорациясының мәмілегер өкілдерін Мәскеу әуежайынан ұрлап кетіп, ол сауданың жолын кескен болатын, - дейді сарапшы.

Жалпы «Роснефть» компаниясының төрағасы Игор Сечин әу бастан-ақ Қытайға қырын қарайтын мұнайшылардың бірі екен. Дегенмен, 2004-жылға таман Қытайлық мұнай корпорациясы 5 жылға 50 млн тонна мұнай үшін 6 млрд долларды «Роснефтьке» алдын ала беріп, өз дегеніне жетті.

– Ол кезде «Роснефть» батыстық банктерден әрең қарыз қарыз алып, ЮКОС компаниясының дағдарысқа кезігіп біршама қиын жағдайда қалып жүрген кезі болатын, - дейді лондондық сарапшы.

Дегенмен, 2006 жылғы наурыздағы мұнай-газ секторындағы байланысты нығайту бойынша Ресей-Қытай келісіміне қарамастан Кремль бәрібір Қытайдың энергетикалық салада Ресейден үстемірек болғандығын қаламайтындығын байқатып қойды. Бірақ Қытайдың Ресейде, әлі де болса, жер қойнауында молынан жатқан мұнай-газына деген құштарлығы аса түспесе жақын арада азая қоймас, дейді сарапшы.

Бұған дейін Қытай мұнай корпорациясы Қазақстандағы ең үлкен мұнай компаниясы «ПетроҚазақстаннан» 4,2 млрд долларлық акциялық үлес алып үлгірген.

Сондай-ақ, қытайлық корпорация Әзербайжан, Канада, Индонезия, Мьянма, Оман, Перу, Түркіменстан және бірқатар өзге елдерде де мұнай-газ кеніштерін зерттеу, табу және өндіру жобаларына серіктестік келісімдеріне қол қойған.
XS
SM
MD
LG