Дүниежүзілік Банктің жаңа деректеріне қарағанда, 2000 жылдан бері Шығыс Еуропаның транзиттік елдері мен бұрынғы Совет Одағы елдерінде коррупция азайған. Бұл көрсеткіштер сыбайлас жемқорлықпен күрестің оң нәтиже бергенін, бірақ оған толығымен жол бермес үшін әлі де реформалар қажет екенін байқатқан. Онда Грузияның коррупциямен күресте жақсы прогреске жеткені айтылады. Ал, Қырғызстанның сыбайлас жемқорлыққа күресте әлі де ұзақта келе жатқаны айтылған.