Accessibility links

Ливандағы жағдайға байланысты Римде өткен халықаралық конференцияда ешбір келісімге қол жеткізілген жоқ, бірақ бітімгершілікке шақыратын мәлімдемелер жасалды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың мәлімдеуінше, жиынға қатысушылар Таяу Шығысқа халықаралық күштерді орналастыру керек деп келісті. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Израиль мен Хезболлаһ арасындағы әскери әрекеттерді тезарада тоқтатуға шақырды. Аннанның айтуынша, бұл дағдарысты шешу үшін Иран мен Сирияның бұған қатысуы қажет. Аннан, сондай-ақ, “Хезболла” соғысушы тобы қарусыздану керек делінген БҰҰ қарарларын жүзеге асыруға шақырды. Ливандағы ахуал “өте күрделі және қауіпті” деді Аннан. Италия Сыртқы істер министрі Массимо Д’Алема конференцияға қатысушылар Ливандағы қақтығыстарды тоқтату үшін түпкілікті бітімгершілік бағытында бірігіп жұмыс істеуге келісті деді. Олар, сондай-ақ, Ливан барлық территориясын өз бақылауында ұстауы тиіс деп келісті, деді Д’Алема
XS
SM
MD
LG