Accessibility links

Израиль әскерлері Ливанның Қана қаласында кемінде 50 адамды өлтірді


Премьер-министр Фоуад Синиораның мәлімдеуінше, атыс тезарада тоқтатылмаса Ливан үкіметі Израильмен арадағы дағдарысты шешуге арналған келіссөзге қосыла алмайды. Бұл туралы ол елдің оңтүстігіндегі Қана қаласында болған шабуылдардан кейін хабарлады.

“Бұл қайғылы күні ешбір келіссөз жүргізе алмаймыз, атысты ешқандай шарт қоймастан тезарада тоқтату керек. Сонымен қатар, Израильдің Ливандағы адамдарды жаппай қыруын халықаралық түрде тергеу керек”, - деді Синиора. Израиль ұшақтары әуеден соққы беріп, шамамен 50 адамды өлтірді, олардың арасында балалар да бар. Бүгін Бейрутке АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс келеді деп жоспарланған болатын. Бірақ оның Бейрутке сапары кейінге қалдырылды. Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт қарапайым Ливан тұрғындарының өліміне байланысты өкініш білдірді, бірақ Израиль “Хезболлаһ” соғысушыларын жою мақсатында жасап жатқан әскери әрекеттерін тоқтатпайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG