Бұл жауынгерлерге наурыздың 12-сі күні Ирақтың Махмудия қаласында 14-жасар қызды зорлады және оның үш туысын өлтірді деген айыптар тағылған. Егер олар айыпты деп табылса өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ал осы шабуылдар жөнінде хабарламады деп айыпталған бесінші жауынгерге қатысты сот ісі кейінірек АҚШ-та қаралатын болады.