Accessibility links

Ресей “Днепр” кемесінің апатынан Қазақстан экологиясына тиген зиянның көлемін нақты айтуға ерте дейді


МӘСКЕУ: Кеше Ресейдің ғарыш агенттігі зымыран тасығыш “Днепр” ғарыш кемесінің 27-нші шілде күні Қазақстанда апатқа ұшырап құлауынан қоршаған ортаға тиген зиянның құнын нақты айтуға әлі ерте деп мәлімдеді. Аталған агенттіктің өкілі Игорь Панариннің хабарлауынша, Ресей мен Қазақстанның сарапшылары апат салдарынан улы зат шашылған ауданды зерттеуін тағы жалғастырады. Сейсенбі күні “Днепр” кемесі құлап түскен Қызылорда облысының әкімі жергілікті экологияға тиген зиянның көлемін шамамен 340 млн. доллар деп бағалаған болатын.
XS
SM
MD
LG