КАБУЛ: Ауғанстандағы АҚШ армиясының басшылығы осы елдің шығысындағы Нұристан өлкесінде орныққан АҚШ-тың жаңа соғыс базасына тәліптердің жасаған шабуылына ойдағыдай тойтарыс берілгенін хабарлады. Кеше Камдеш маңайында болған қақтығыс барысында 18 тәліптің көзі жойылған. Тәліптердің шабуылы жақсы ұйымдастырылған көрінеді. Ал осы кезде оңтүстіктегі Гильменд өлкесінің билігі тәліптерді Ауғанстан президенті Х.Қарзайдың үкіметі үшін “тыңшылық етті” деген айыппен 70 жастағы әйел мен ұлын асып өлтірді деп айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?