Accessibility links

Еуро Одақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Израйл мен Хизболла арасындағы соғысты тоқтатуға шақырған қарарын қоштады


Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Израйл мен Хизболла арасындағы қақтығысты тоқтатуға шақырған қарарын бірауыздан қабылдады. Бұл қарар бойынша, Ливанға БҰҰ-ның 15 мың бітімгершілік күші орналасып, Израйл әскерінің Ливаннан шығуын бақылап, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әлемнің көптеген ел жетекшілері бұл қарарды оң қабылдады. Бірақ, қабылданған бұл қарарға қарамастан, Израйл күштері Ливанға шабуылын одан әрі ұлғайтып жалғастырып жатыр. Израйл әскері мен Хизболла арасындағы соғысқа бүгін 32 күн толды. Бүгін Еуро Одақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хавьер Солана соғысты тоқтатуға шақырған қарарды қоштайтынын айтты.

“Мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары бұл аймақтағы қақтығысты тоқтатуға және ұзақ та берік бейбіт өмір әкеледі деп үміттенем, Ливан халқы оған лайық”, - деген Хавьер Солана.
XS
SM
MD
LG