Accessibility links

Жапон дипломаты Курил аралдарында ұсталған балықшыларын Мәскеуден қайтарып алуға келді


Бүгін Мәскеуде Жапония сыртқы істер министрінің орынбасары осы аптада Ресейдің шекара күзетшілері ұстап әкеткен 3 жапондық балықшыны босатып алуды қарастырып жатыр. Төртінші балықшыны ресейлік шекарашылар атып өлтірген. Бұл оқиға даулы Курил аралдарының оңтүстігінде болған. Ресей жапондық балықшылар шекарадан заңсыз өтіп, ескертуді тыңдамады деп отыр. Ал, Жапония Ресейдің мұндай қатаң жауабына наразы болып, бұл жанжал екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG