МӘСКЕУ: Израиль “Хизболлаһ” тобының өзіне қарсы Сириядан сатып алған орыс қару-жарағын қолданғанын дәлелдейтін айғақтарын келтірді. Израильдік “Маарив” газетінің хабарлауынша, Мәскеуде Израиль делегациясы тиесілі құжаттар мен суреттерді көрсеткен. Құжаттардың ішінде қару-жарақтың, оның ішінде зымырандардың сатылғаны туралы қағаздар бар. Израильдің барлау қызметіндегі жоғары шенді өкілін сілтеген газеттің мәліметі бойынша, Ресей қаруының келесі партиясы Сирияға таяу аптаның ішінде жетуге тиіс көрінеді.