Accessibility links

Израиль Ливандағы халықаралық бітімгершілік күштерін Италияның басқаруын қалайды


Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт бейбітшілікті сақтауға көмектесу мақсатында Ливанның оңтүстігіне орналастырылатын халықаралық бітімгершілік күштерін Италияның басқаруын қалайтынын айтты. Бұл туралы Олмерт Италия премьер-министрі Романо Продимен телефон арқылы сұхбаттасқанында мәлімдеді. Олмерт, сондай-ақ, Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастары жоқ елдер БҰҰ күштері құрамында болмауы тиіс деді. Бірақ кейбір елдер, олардың ішінде Индонезия, Бангладеш және Малайзия мемлекеттері өз әскерлерін Ливанның оңтүстігіне жіберетінін айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG