Accessibility links

Бүгін БҰҰ өкілдері Израиль басшыларымен кездеседі деп жоспарланған


БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы өкілі Терье Род-Ларсен бір аптаға созылған Израиль мен Хизбаллаһ арасындағы бітім өте тұрақсыз болып қалуда деп ескертті. Бейрутте сөйлеген сөзінде Род-Ларсен екі жақты да бітім жөніндегі келісімді ұстануға шақырды. Ал бұдан бір күн бұрын Израиль Ливанның оңтүстігінде рейд жүргізген болатын. БҰҰ Израиль бұл әрекеті арқылы бітім жөніндегі келісімді бұзуда деп мәлімдеді. Бүгін БҰҰ өкілдері Израиль басшыларымен кездеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG