ВАШИНГТОН: Ресми Вашингтон Иранды БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің талабын орындап, осы айдың соңына қарай уран шикізатын байыту жұмысын тоқтатпайтын болса, оған қарсы халықаралық жаза қолдануы (санкция) мүмкін екенін тағы да ескертті. Оның қарсаңында Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи: “Теһран келіссөзге дайын, бірақ уран шикізатын байыту жұмысын доғармайды”, -деп мәлімдеген болатын. Оның хабарлауынша, сейсенбі күні Иран өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысқа қатысты халықаралық ұсыныстарға ресми жауабын береді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?
-
Владимир Сливяк
"Қазақстан емес, АЭС салуға Ресей ынтық". Сарапшымен сұхбат