Иран өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысқа қатысты халықаралық қауымдастықтың экономикалық ұсыныстарына бүгін ресми түрде жауап береді деп күтілуде. Кеше Иранның рухани көсемі Аятоллаһ Әли Хаменей Теһран ядролық бағдарламасын одан әрі дамытады деп мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Джордж Буш егер Иран уранды байыту бағдарламасын тамыздың 31-не дейін тоқтатпаса онда БҰҰ-ы оған қарсы тезірек әрекет жасауы тиіс деді. Буш, сондай-ақ, Ливан мен Израиль шекарасына тезарада халықарылық бітімгершілік күштерін орналастыруға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?