Accessibility links

Иран халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарына байланысты келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты


Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз жүргізуге дайын екенін хабарлады. Бірақ Теһранның ядролық мәселесі бойынша бас өкілі Әли Ларижани Иран уранды байыту әрекеттерін тоқтатады ма жоқ па, бұл туралы айтпады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ираннан осы айдың басына дейін уранды байыту бағдарламасын доғаруын талап еткен, әйтпесе оған қарсы санкциялар енгізілуі мүмкін. БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Джон Болтон Вашингтон Иранның жауабын мұқият зерттейді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG