Accessibility links

Германия Иранның жауабы қанағатсыз деп мәлімдеді


Германия канцлері Ангела Меркел Иран ядролық мәселесін тоқтатуға бағытталған халықаралық ұсыныстарға Иранның жауабы қанағатсыз болды деп мәлімдеді. Иран уран байытуын тоқтата ма, жоқ па – нақты айтпады, Иранның жауабы толыққанды емес, - деді Ангела Меркел Германия телекомпаниясына берген сұхбатында. Иран ядролық бағдарламаны тоқтату жайында жасалған халықаралық ұсыныстар бойынша "нақты келіссөзді" бастауға дайынбыз деп жауап қайтарған. АҚШ пен Франция Иранның жауабы шолақ болды дейді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Иран уран байытуды 31 тамызға дейін тоқтатсын деп талап қылады.
XS
SM
MD
LG