Ал осы жолғы Алматыда өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны демаркациялау жөніндегі отырыста Қазақстан үкіметтік делегациясын Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Вячеслав Гиззатов басқаруда дейді Қазазстанның сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Мұқтар Кәрібай.
Оның айтуынша осы жолғы Алматыдағы кездесуде екі елдің өкілдері екі ел арасындағы 1242 шақырым шекараны делимитациялаған картаны қайта қарап, оған қол қоюға дайындайды.
Қазақстандағы Тәуекелшілікті бағалау тобының жетекшісі Досым Сатпаевтың пікірінше, Орталық Азия мемлекеттері арасында шекара мәселесінде Қазақстан мен Қырғызстан арасында қандай бір даулы проблема жоқ, яғни бұл шекараны проблемасыз, қауіп қатерсіз шекара деп айтуға болады, Соңғы жылдары көршілес бұл екі мемлекет арасында шекара мәселесінде аса бір қиын дағдарысты жағдай туған емес дейді ол.
Алайда бүгінде Қырғызстан парламентінде Қазақстанмен арадағы экономика, сауда мәселесінде болсын, жер, су, шекара мәселесінде болсын ешбір ‘ағайындыққа‘ баруға болмайды олармен қатаң келіссөз жүргізу керек дейтін бағыт ұстанушы депутаттар тобы бар екенін ескерген жөн, сондықтан осы жолғы екі ел арасындағы шекараны демаркациялау мәселесінде қырғыз жағы мәселені өз айтқандарымен болдыруға тырысып, келіссөзді қиындатулары да мүмкін дейді Досым Сатпаев.
Алайда, Қырғызстан экономикасының бүгінгі ауыр жағдайы, оның Қазақстан инвестициясына тәуелді жағдайда болып отыруы және де қырғыздың талай азаматтарының Қазақстанда жұмыс істеп, тіршілік етіп жатқаны Қырғызстан билігін Қазақстанмен арадағы шекараны тезірек демаркациялауға ынталандырмайды, бұлар оған жайбарақат жағдайда баруға итермелейді дейді Д.Сатпаев.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының басқарма мүшесі Болат Дүйсенбі, әрине Қазақстанның өзінің көршілерімен арадағы шекарасын анықтап алғаны дұрыс алайда екі ел өкілдері екі ел арасындағы шекара мәселесін сөйлескенде қазақ пен қырғыз халықтары ежелден бір біріне жақын туыс халықтар екенін ескерген де артық болмайды деген пікір айтады.