Accessibility links

Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми басқосуы өтті


Астанада қыркүйектің 2 күні Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бейресми кездесуін өткізіді. Саммитке Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Тәжікстан прездиенті Эмомали Рахмонов және Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов келді. Бұған дейін хабарланғандай, саммит мәселелерінің негізгісі халықаралық су-қуат консорциуымын құру болатын. Мақсат - аймақтың су-қуат ресурстарын тиімді пайдалану деп хабарланған.

Бұл мәселе бұрынан көтеріліп келген еді. Президент Назарбаевтың пікірінше, аймақтағы ынтымақтастық экономикаға пайдалы. Ал, филология ғылымының докторы Диқан Қамзабекұлының пікірінше, жаһанданудың пайдасы да, зияны да бар.

«Шекараның ар жақ, бер жағында түрік тілдес халықтар отыр, солар біртіндеп тартылуы мүмкін. Жалпы, саясаттың әліппесі сондай, кім мықты соған қарай бұрылады халық. Бір ғана сақтанатын жер бар, біз өзіміздің тәуелсіздігіміздің көп атрибуттарын қалыптастыра алмадық, мысалы тіл», - дейді ол.

Бірақ журналистерге су-қуат консорциуымы туралы ақпарат алуға мүмкіншілік берілмеді. Кездесу Астанадағы президент қонақ үйінде жабық есік жағдайында өтті. Келіссөздерден кейін президенттер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына шығады деп күтілген, бірақ кездесу жоспардан ұзаққа созылып кеткендіктен президенттер Астананың көркем орындарымен танысуға аттанды. Астананың бас жоспарымен танысып шыққан Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Қазақстан өз тәуелсіздігінің 15 жылдығына ауқымды жетістіктермен келеді, деді. «Әлемде жоқ жерден болашағы мол ауқымды қала салу мысалдары кемде кем», деді ол. Кәрімовтың айтуынша бұл қала тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда, тіпті бұрыңғы Кеңес одағы территориясындағы ерекше орынға ие болуға құқылы. Ерекше шешімдерімен Қазақстан Астанасы тек сәулет жағынан емес жалпы бейнесімен де көз тартады, деді Кәрімов. Астанадағы биік ғимараттардың үстіне шыққандағы сөзінде ол Президент Назарбаевтың баспасөз қызметі ұсынған шараны сирек кездесетін шара деп санаймын, деді. «Өйткені мұндай ғимараттың биіктігінен салынған нәрсенің бәрін көру, оның сыртында жалпы көрініспен болашақ ғимараттардың іргетастарын көру барлығын шабытқа бөлейді. Және оны бұл ұсыныспен құттықтап бізге де үлгі алу керек», деді президент Кәрімов.

Өз кезегінде Қазақстан президенті Назарбаев Астананың халқы осы қалаға көшкелі, яғни 1997 жылдан бері 150 мың адамнан 600 мың адамға жетті және 2030 жылға дейін 1 миллионға жетеді деген жорамалымен бөлісті.

«Қала барлық жағынан қазіргі заманға сай ерекше болып келеді. Мәдениет пен халықаралық мәжілістердің орталығы болып келеді, ал, қазір қарап шыққан болашақ өте ғұлама және Орталық Азия аумағында ең сұлу қалалардың бірі бола алады», - деді президент Назарбаев.

Саммит шеңберінде президенттер Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайының ашылуына да қатысты. Бұл ғимарат ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Ол осы ғимараттың ашылуына әдейі Астанаға келіпті. Фостердің айтуынша ол ғимараттың тез арада салынғанына таң қалған, әдетте мұндай құрылыс 6 жыл жүргізіледі, ал Астанада ол 1 жыл ішінде салыныпты, деді ол.

Биіктігі 62 метр 25 қабатты ғимараттың құрылысы өткен жылы күзде басталған. Оның ішіне мың жарым адамға лайықталған опера залы, әлем діндерінің өкілдеріне арналған мәжіліс бөлмесі, мұражай, кітапхана және құлшылық ететін бөлмелер кіреді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG