Accessibility links

Еуроодақ пен Иран арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталды, бірақ тағы жалғасады


ВЕНА: Бүгін Вена қаласында Еуропа Одағының сыртқы саясатының басшысы Хавьер Солана Иранның ресми өкілі Әли Лариджанимен арадағы келіссөзін жалғастырды. Солана бұл кездесуді “жемісті бас қосу” деп бағаласа, Лариджанидің айтуынша, екі жақ арасындағы кейбір қарама-қайшы көзқарас жойылды. Бұл келіссөздің өзге жай-жапсары хабарланбады. Екі ресми өкіл де келесі аптаның барысында тағы да жолығатындарын мәлімдесті.
XS
SM
MD
LG