Accessibility links

Бүкіл АҚШ халқы осыдан 5 жыл бұрынғы лаңкестіктің құрбандарын еске алды


ВАШИНГТОН: Бүгін бүкіл Америка халқы 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегі күні Нью-Йорк пен Вашингтонға жасалған лаңкестік шабуылдардың 3 мыңдай құрбанын еске алу үшін 1 минут үнсіз тұрды. Осы қайғылы оқиғаның 5 жылдығына арналған іс-шаралар осы үнсіздіктен басталды. АҚШ президенті Дж.Буш Нью-Йорктегі өрт сөндіру қызметінің бөліміндегі осыдан 5 жыл бұрын қаза тапқан 343 өрт сөндірушіні еске алған рәсімге қатысты.
XS
SM
MD
LG