БАҒДАД: Бүгін С.Хусеиннің күрдтерге қарсы геноцид саясатын жүргізген қылмысты ісін қарайтын сот процесінде бас айыптаушы судьядан сот төрағалығынан кетуін талап етті. Бас прокурор судьяны экс-диктатор мен сыбайластарына бейтарап қарамайды деп айыптады. Сот отырысы барысында прокурор Мұнқиз Әл-Фарун судья Абдулла Әл-Әмириге “сот мәжілісін айыпталушылардың саяси мінберіне айналдырды” деп айқайлады. Әл-Әмири сот төрағалығынан кетпейтінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр