ЛОНДОН: Бүгін британ премьер-министрі Тони Блэр мәлімдегендей, Ұлы Британияның НАТО-дағы одақтастарының Ауғанстанға көбірек әскер жіберетін міндеттемесі бар. Британ лидері бұл пікірін бүгін Лондонда Қытай премьері Вэнь Цзябаомен бірге өткізген баспасөз-маслихатында естіртті. Вэнь Цзябаоның айтуынша, НАТО-ның Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған іс-қимылын ресми Бежин қолдайды. Ал дәл осы кезде НАТО басшылығы Брюссельде Ауғанстандағы күштерінің қатарын ұлғайту мәселесін талдау үстінде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?