Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Мәликидің сейсенбі күні басталған екі күндік ресми сапары барысында екі жақ арасындағы бұған дейін түсініксіз боп келген жағдайлар сөз болуда. Иран президенті Махмуд Ахмадинежад бұл сөйлесулерді “өте жақсы” деп бағалап, осы дәрежеде бұл байланыстар жалғаса береді, деді.
“Ирақ үкіметін күшейту дегеніміз Ирақтағы қауіпсіздікті, бейбітшілікті және бауырмалдықты нығайту боп табылады”, - деді Ахмадинежад мырза.
Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Мәлики өз сөзінде Ахмадинежад мырзамен жақсы пікіралысулар болғандығын айта келіп, екі ел арасындағы әріптестік саласында, тіпті қауіпсіздік мәселелерінде ешқандай кедергілерді көріп тұрмағандығын айтты. Әл-Мәлики сондай-ақ Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеймен және басқа да ресми тұлғалармен сөйлеседі.
Ирақтың басқа да шиит ресми өкілдері сияқты әл-Мәлики де Саддам Хусейннің билігі тұсында, қуғындағы кезінде, Иранда тұрған. Лондонда тұратын журналист әрі Таяу Шығыс бойынша сарапшы Әлиреза Нуризаденің Азаттық радиосына айтуынша, Әл-Мәликидің Техранға бұл сапарының- екі ел байланыстары үшін маңызы зор.
Ирақ Конституциясы қабылданып, сайлаулар өткенге дейін Ирақ үкімет басшысы қысқа уақытқа ғана тағайындалатын. Әл-Мәликидің басшылығы кезінде жағдай өзгерген. Ол қазір Иранмен аса маңызды мәселелер бойынша байыпты түрде сөйлесе алады, дейді сарапшы. Екі жақ сөйлесулері барысында қос ел арасындағы байланыстар, сондай-ақ халықаралық жағдай және Ирақтағы оқиғалар сөз болуда. Қауіпсіздік сауалы және өзара сыйласа отырып, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау мәселесін де әл-Мәлики қойады, дейді Ирақ бұлақтары. Бұл ұсыныс- АҚШ ресми өкілдерінің “Ирақ мәселесіне араласуда” деп Иранды қайта-қайта айыптау мәлімдемелерінің жаңғырығы, дейді сарапшылар.
Сейсенбі күнгі сөзінде Ахмадинежад мырза Ирақта толық түрдегі қауіпсіздіктің орнауына Иран көмектеседі, деді. Екі жақ арасында тұрақты байланыстардың болуы Ирақ пен Иран үшін аса маңызды. Алайда бұл байланыстар Иранның Құрама Штаттармен байланысына да байланысты, дейді сарапшы Нуризаде.
Әл-Мәликидің Техранға осы сапары барысында сауда, энергия және тасымал салаларындағы талай келіссөздер қорытындылануда. Хабарларға қарағанда, ресми Техран Ирақтың әл-Басра қаласынан Иран елінің Абадан портына дейін мұнай құбырын тарту ісіне қатыспақшы. Сондай-ақ Ирақтың мұнай-химия құрылымындағы жобалар құрылысына да Иран көмектеспекші.