Парламент отырысында хабарланғандай «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының құрамына кіретін Барлау және өндіру компаниясы құнды қағаздарының 40 пайызын Лондон биржасында сатпақшы. Осы компания кіретін «Самрұқ» холдингісінің басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың айтуынша құнды қағаздарды сату арқылы табылатын қаржыға «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы елдегі активтерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұған дейін «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы еуробонттар арқылы 800 миллион долларға дейін қарыз алып келген, бірақ, ұзақ уақыт бойы қарыз беріле бермейді, дейді «Самрұқ» холдингісінің басқарма төрағасы. Сауат Мыңбаевтың айтуынша бұл холдинг елдегі ұлттық компаниялардың құнды қағаздарын базарға шығару үшін әдейі құрылған. Бірақ, депуттардың бұл жолғы саудаға кім делдал болады деген сұраққа ол біреуі Голланд банкісі екіншісі Швейцария банкісі деп жауап берді. Бұл қаржы институттары «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының құнды қағаздарын бір бағаға сатып алып базарда өздері белгілеген бағаға сатады. Парламент депутаттары қойған келесі сұрақта құнды қағаздар арқылы Қазақстанның ұлттық компаниясының қадағалауы шет елге өтіп кетпей ме деген алаңдаушылық байқалады. Депутат Зейнолла Алшымбаевтың айтуынша «Қазмұнайгаз» құнды қағаздардың 40 пайызын сатамыз деп өз активтеріне деген қадағалауын жоғалтады.
«Самрұқ» холдингісінің басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың айтуынша инфрақұрылымдық активтер, мысалы мұнай құбырлары және олардың құнды қағаздары стратегиялық активке жатқызылады, сондықтан сатылмайды, деді ол.
«Қазмұнайгаз» компаниясының атқарушы директоры Әсия Сырғабекова хабарлағандай бұл саудада тұтас ұлттық компанияның активтері емес тек құрамдас «Барлау және өндіру» компаниясының құнды қағаздарығана сатылады.
Қазақстан заңдары бойынша құнды қағаздардың 20 пайызы елдің ішінде сатылуға тиіс. Елдегі зейнетқорларында қаржылары бар, бірақ, оны салатын жерлер шамалы, дейді депутаттар. Бұл жолы қалай болады деген сұраққа «Қазмұнайгаз» компаниясының экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Әсия Сырғабекова «Барлау және өндіру» компаниясы құнды қағаздарының 40 пайызын Лондон биржасында сатпақшы болған кезінде бұл ақпарат елдегі компанияларға таратылған, деді. Депуттардың пікірінше «Қазпоштаның» Қазақстандағы түпкір түпкіріндегі елді мекендерде бөлімшелері бар. Сондықтан осы компания арқылы ауылдағы қарапайым тұрғындарда құнды қағаздарды сатып алуға мүмкіншілік жасалу керек еді, дейді депутат Жамалов. Оның айтуынша Ресейде «Роснефть» компаниясының құнды қағаздары «Роспочта» арқылы сатылған.
«Қазмұнайгаз» компаниясының атқарушы директоры Әсия Сырғабекова хабарлағандай мұндай сауда бірінші рет жасалып отырғандықтан бұл жерде саудаға түсу үшін елде лицензиясы бар брокерлік компаниялар арқылы саудаға түсуге болады.
Ал, Астанадағы тұтунушылар одағының мүшесі Жанар Исламбекқызының айтуынша Қазақстанда депутаттар айтып өткендей қаржы салатындай жер шамалы. Көбісі тек тұрғын үйлердегі пәтерлерді арзанырақ алып қымбатқа сатуға тырысады. Ал, құнды қағаздар базары дамымаған. Оның үстіне брокерлер өз қызметі үшін өкіртіп ақша сұрайды. Ал, «Қазпошта» арқылы бұл саудаға қарапайым тұрғындар қатысатын еді, дейді ол:
- «Қазпошта» қазір шет елдегі көгілдір фишка ааталатын белгілі ірі компаниялардың құнды қағаздарын сатады. Мысалы «Кока-кола», «Майкрософт» компанияларының құнды қағаздарын сатып алсаңыз сізге салған ақшаңыздың 25 пайызы көлемінде дивидент төленеді. Ал, «Қазмұнайгаздың» бұл сауданы ашық жасамай отырғандығына қарағанда олар іс жүзінде тек өздерімен келісілген жоғары лауазымды адамдарға сатып, ал, қағаз жүзінде барлық тұрғындарға сатылады деп айтқысы келетін сияқты. Менде сондай көзқарас қалыптасып отыр.
Ал, «Қазпошта» компаниясының бұл пікірлерге қатысты көзқарасы әзірге белгісіз.