Қазақстан бас прокуратурасының мәліметінше, елде 9 қаңтардан 9 шілдеге дейін тәуелсіздік күніне байланысты рақымшылық заңы қолданылған. Бірақ, осы жұмыстарды атқарған түзеу мекемелері бастықтарының, тергеу органдарының және бірінші сатыдағы соттардың заң бұзғандығы анықталған, дейді прокуратура өкілдері. Нәтижесінде, барлығы осы органдар шығарған 1346 шешім өзгертіліпті. Қазақстанның бас прокуратурасының мәліметінше, органдар жіберген қателіктер бұған дейінгі рақымшылық кезінде де болған, енді тағы қайталанып отыр. Біріншіден, рақымшылыққа жатпайтын тұлғаларға заң қолданып, сотталғандарды босатпақшы болған. Екіншіден, органдар рақымшылық заңын қолданбас бұрын зардап шеккен жақтың келісімін алмаған. Үшіншіден, босатылған адамдардан шығынды өтеу талап етілмеген. Бас прокуратураның департамент бастығы Қорған Қамзабаевтың мәліметінше, органдар жіберген жеке қателіктер ертең кез-келген қазақстандыққа кесірін тигізуі мүмкін, өйткені рақымшылықпен босатылғандарды орган өкілдері үйіне жеткізуге тиіс, дейді ол:
- Түрмеден туберкулезбен ауыратын 348 азамат босатылды, соның барғаны 199 адам ғана. Қалғандары қазіргі уақытқа дейін қайда жүргені белгісіз.
Ал, осы жұмысқа жауапты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметкері Ғалымжан Хасенов басшылардың рұқсатынсыз «Азаттық» тілшісіне бұл жөнінде еш ақпарат бере алмайтынын айтты:
- Сен әскерде болдың ғой, білесің ғой: қазір төраға жоқ, мен ештеңе істей алмаймын.
Ал, прокурорлық тексеру барысында жемқорлық фактілері анықталды ма деген журналистердің сұрағына бас прокуратураның департамент бастығы Қорған Қамзабаев былайша жауап берді:
- Парақорлық деп мен айта алмаймын. Заңды бұзғандық бар. Бірақ, уақытымен прокуратура жұмыскерлері өз протестерін енгізіп орнына келтіріп отыр.
Прокуратура мәліметінше, рақымшылықтан бас тартқандар болған. Бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Ерғалы Сағалбаев бұл туралы нақты мәлімет берген:
- 381 сотталған мерзімі аяқталғанға дейін босатуды немесе шартты мерзімінен босатуды артық көріп заң қолданудан бас тартты.
Өйткені, олар басқа баратын жерлері жоқ екендіктерін түсінеді, дейді «Түрме реформалары» үкіметтік емес ұйымның өкілдері. Ал, Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша мұның себебі басқа:
- Ана шартты босатуға уақыты келіп қалады, әйтпесе мерзімі аяқталып қалады, ал рақымшылық өзі бір-ақ рет. Ол бір рет қолданылып қалса, мысалы бір ай қалды, 10 күн қалды шығып кетсе одан кейін келесі жолы келсе рақымшылық қолданбайды.
Ал, «Түрме реформалары» үкіметтік емес ұйымның өкілдері рақымшылық жасап, жазасын өтеп жатқан адамдарды босатпас бұрын, оларға заңдарда жазылғандай жағдай жасау керек деген. Яғни, реабилитация орталықтары ашылуы шарт және туберкулезге шалдыққандардың емдеуін жалғастыру үшін жағдай жасалу керек. Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша бұл жұмыстарда тексерілген:
- Жер-жерлердегі прокурорларға сотталғандар тез сіңісіп кету үшін соны қадағалауға айрықша тапсырма берілді.
Жалпы бұл 1998 жылдан бері Қазақстанда жасалып жатқан алтыншы рақымшылық шарасы. Түрме мен түзету мекемелері тұрғындарының саны бойынша Қазақстан ол кезде АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында тұрған. Өйткені, шамамен 100 мың адам жазаны өтеу мекемелерінде отырды. Ал, қазір жағдай өзгерген, дейді Қазақстанның бас прокуратурасының бөлім бастығы Арман Аяғанова:
- Қазақстан 24 орында - Лондонның зерттеу орталығының статистика мәліметінше.
Ресми мәлімет бойынша, қазір Қазақстанда 77 колония және 18 түрме бар. Онда 36 мың адам жазасын өтеп жатыр. Елде өткізіліп жатқан рақымшылық шараларынан кейін онда қалған адамдардың 80 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандары үшін сотталғандар.