Accessibility links

Рамазан айының басталуына қарамастан Ирақта қантөгіс толастар емес


БАҒДАД: Бүгін Ирақтағы шийт мұсылмандарының киелі Рамазан айы басталды. Діни мерекенің басталғанын Ирақ шийттерінің рухани жетекшісі аятолла Әли Ас-Систани жариялады. Сүнниттер үшін Рамазан айы өткен сенбіде басталды. Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликидің табанды түрде қантөгісті тоқтатуға шақыруына қарамастан, жексенбі күні ғана лаңкестік қастандықтар мен шабуылдардан 20 адам құрбан болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG