Астаналық сенім қызметінің мәліметінше оларға тек 9 айдың ішінде 250 адам телефон шалған. Олардың көбі нашақорлар дейді «Құқық» қоғамдық қорының өкілдері. Ең көп шенеуніктер қоныс тепкен қалада мемлекеттік қызметкерлердің балалары нашақор болу қаупінде тұр, дейді қор өкілі Ксения Радионова. Қазақстанның ғылым және білім министрі Бірғаным Әйтімова ресми көрсеткіштерді келтірді:
- 5 мың жасөспірімнің ішінде нашақорлықты татқан 137 бала болып отыр. Ол тек қана нашақорлық қана емес, токсикоманиямен қосқанда. Оның ішінде нашақорлықты бір емес, бірнеше рет пайдаланған 19 баланың есебі бар.
Ішкі істер министрлігінің есірткімен күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборовтың айтуынша, қыркүйектің 25-інен 26-сына қараған түнде полиция Астанадағы тек бір клубтың ішінен 65 жасөспірім нашақорды ұстаған.
- Бірақ, заңдардағы олқылықтың кесірінен клуб иелерін жауапқа тарта алмаймыз. Өйткені, әкімшілік кодекстің 319 бабымен жауапқа тартуға болады, бірақ онда осы басшылар нашақорлықтың барлығын біле тұра, шара қолданбаса ғана жауапқа тартылады делінген. Әлбетте, клуб басшылары біз білмедік деп құтылып кетеді, - дейді Ішкі істер министрлігінің есірткімен күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов.
Наркодиспансерден жақында ғана шыққан, өзін Қайрат деп таныстырған жігіт те Астандағы түнгі клубтардан есірткі табуға болады деген пікірімен бөлісті:
-Мысалы, Астана және солтүстіктегі қалалардың клубтарында дәрі есірткі сатады.
Астана нашақорлардың саны бойынша республикада 4-орынды иемденіпті. Енді есірткіге соғыс жариялаймыз деп отырған Қазақстанның ғылым және білім министрі Бірғаным Әйтімованың айтуынша, қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасына сәйкес, Астанадағы 150-ге жуық білім беру мекемелерінің басшыларына есірткімен күрес шараларын жасауға тапсырма берілмек.
- Бұл бағдарламаға міндетті түрде қаржы бөліну керек. Оны бөлетіндей үкіметтің ынтасы бар. Қаладада ақша жеткілікті. Бізде жастар саясатында тиісті жұмыс жүргізуге 21 миллион қарастырылып отыр, - дейді министр.
Ал, Астанадағы 40 мектеп директоры Ербол Іргебаев қаржы бөлінбеді деп отыр:
- Арнаулы тікелей қаржы бөлінбейтін шығар оған. Бір кезде барлығын бізде жақсы деп жылы жауып қойды ғой. Кеңестік кезде «бізде секс жоқ» деген әңгіме болды ғой, сол сияқты бізде есірткі жоқ деген ізге түсіп алдық та, үлкен проблемаға айналғанша біз қарамадық.
Нашақорларды емдейтін жеке меншік емхана бастығы Геннадий Еремин, есірткі сататындарға қатысты заңдарды күшейту керек деп есептейді.
- Оның сыртында, нашақорлардың өзін кем дегенде 6 жылға соттап, күштеп емдету керек. Өйткені, әр нашақор дені сау 10 адамды нашақор қылады, - дейді Г.Еремин.
Наркодиспансерден шыққан Қайрат есімді жігіт те бұл сөзді құптап отыр:
- Көрініп тұр ғой олар әдейі байдың балаларын отырғызады инеге. Шеңберде отырғанда айтады, «ой, өмір бір рет беріледі. Тартып көр», деп.
Жалпы, бұған дейін елде есірткімен күрес ісінде бір-біріне қарама-қайшы көптеген ұсыныстар айтылған еді. Кейбіреулер есірткінің жеңіл түрін еркін саудаға салуды да ұсынған.
Ал, әзірге «Астана есірткісіз қала» бағдарламасы нашақорлықтың алдын алу әдістері жазылған кітапшалар шығарудан басталып отыр.