Accessibility links

Үндістан полициясы Пәкістаның барлау қызметін айыптады


Бүгін Үндістан полициясы Пәкістанның барлау қызметінің жақында Мумбайда болған террорлық қанды шабуылға қатысы бар деп айыптап отыр. Полиция өздерінде жиналған дерек-айғақтар Пәкістанның барлау қызметі жарылысты жоспарлап, пәкістандық Лашкар-ә-Таиба экстремистік тобы оны жүзеге асырғанына дәлел болып отыр дейді. Пәкістан өзінің жарылысқа қатысы бар дегенді жоққа шығарды. Шілденің 11-інде Мумбайда орын алған террорлық шабуыл кезінде 186 адам қаза болып, 800-дей кісі жарақат алған.
XS
SM
MD
LG