Accessibility links

Ауғанстандағы бомба жарылысынан кемінде 12 адам құрбан болды


Ауғанстан ішкі істер министрлігі маңайындағы жанкештілік бомба жарылысынан кемінде 12 адам құрбан болып, 50 шақты кісі жарақат алды. Ауғанстан президенті Қарзай баспасөз маслихаты кезінде ол шабуылды қаралап:

– Қабулдағы бүгінгі шабуылда кемінде 12 бейкүнә мұсылман азаматы қаза тауып, ондаған кісі жарақат алды. Ауған халқы террорлық әрекеттердің азабын шегіп, көптеген адам дұшпандар қастандығының құрбаны болды. Біз, міне, сондай қылмысты тезірек аяқтау жолында күресудеміз, - деді.

Полиция дерегіне қарағанда, бомба министрлік қызметкерлерінің жұмысқа келу кезіне қарай орналастырылған екен.
XS
SM
MD
LG