Президент сайлауынан кейін құрылған демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның Конституциялық реформалар жасау жөніндегі жұмыс тобы тамыз айында парламенттегі мәжіліс депутаттарының санын 134-ке көбейту жөнінде Үкіметке ұсыныс тастаған болатын. Онда 67 депутатты жергілікті аймақтар арқылы, қалған 67-сін партиялық тізіммен сайлау ұсынылған еді. Бұл ұсыныс енді қазан айында мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында кеңінен талқыланатын болады. Мәжіліс депутаты Нұрбах Рүстемов егер парламент сол мемлекеттік комиссия талқылап жатқан Конституциялық өзгерістерді қабылдайтын болса онда сайлау болады деп санау керек дейді:
– Орталық сайлау комиссиясы, өздері жоспарлағандай, өздері ойлайды екен, ендігі жылы 10 мәжіліс депутаты басқа жұмысқа ауысуы мүмкін. Сенат депутаттарының бесеуі ауысуы мүмкін. Мәслихат депутаттары сайланады. Осының барлығын айта тұрып, есімізден ешқашан шығармауымыз керекпіз, парламент сайлауы болуы мүмкін.
Келесі жылы сайлау өткізудің экономикалық жағына назар аударатын болсақ, республикалық бюджеттен орталық сайлау комиссиясына қомақты қаражат бөлініп отыр. Биылғы жылы орталық сайлау комиссиясының бюджеті жергілікті әкімдер сайлауын қоса есептегенде 800 млн. теңгені құрайды. Бұл 2005 жылғымен салыстырғанда бес есеге аз. Мұның себебін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков «Азаттық» радиосына төмендегідей түсіндіреді:
– 2004 жылы мәжілістің сайлауы болды. 2005 жылы сенаттың және Елбасының сайлауы болды. Сол сайлауларға байланысты тиісті қаражат орталық сайлау комиссиясына бөлінеді. Ал 2006 жылы ешқандай сайлау жоқ. Сондықтан бізге былтыр 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінсе, ол сенаттың және республика президентінің сайлауына байланысты болды.
Ал парламент мәжілісінің депутаты Оңалбай Аяшев 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен орталық сайлау комиссияссына 4,5 млрд теңге қаржы бөлініп отырғанын айтады. Бұл қаражаттың 90 пайызы сайлау өткізуге деп жоспарланған ақша екен:
– Сайлау өтізуге нақты айтқанда бюджеттен 3 млрд. 705 млн. 41 мың теңге бөлініп тұр.
Бірақ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, келесі жылы парлмент сайлауы болуы мүмкіндігін жоққа шығарады. Оның айтуынша, 2007 жылы Қазақстан халқын парламент сайлауынан басқа да сайлаулар күтіп тұр.
- 2003 жылы мәслихат депутаттары төрт жылға сайланды. Келесі жылы олардың мерзімдері бітеді. Сондықтан орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын сайлауға қаражат қарастырып, жобаға ұсынып отыр. Ең көп депутат мәслихат депутаттары екенін де естен шығармауымыз керек. Олардың саны үш жарым мың шамасында.
Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов екінші шақырылымда да депутат болған. Енді міне үшінші шақырылымда депутат болып отырғанына екі жылға жуық уақыт болды. Ол осы мәжілісте 2009 жылға дейін отыратынына сенімсіз. Өйткені, Сыздықовтың сөздеріне қарағанда, парламентті тарату не таратпау бір ғана адамның қолында:
– Бюджет жобасына мәжіліс сайлауы деп жазып қойыпты, ол болады ма, жоқ па - құдай біледі. Бұл енді қалай болады? Үлкен кісіміз Америкаға барып келді ғой. Енді белгілі болатын шығар...
Ал Оңалбай Аяшев келесі жылы кезектен тыс парламент сайлауының өтуі мүмкін емес деп есептейді:
– Елбасы «Отан» мен «Асар» партияларының бірігіп жатқан съезінде сөйлеген сөзінде бізде келешекте депутаттардың санын көбейту керек деген ой жоқ. ТМД елдеріндегі әр миллион халыққа шаққанда ең көп депутаты бар біздің парламент екен деді. Дәл қазір менің ойымша және 67 депутатты қара халықтың иығына отырғызып қою асығыстық. Депутаттардың саны көбейгенімен жұмыстың сапасы көтерілмейді.
Соңғы рет сенат сайлауы 2005 жылы өтсе, мәжіліс сайлауы 2004 жылдың күзінде өтті. Бірақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, сонымен бірге елдегі оппозициялық ұйымдар мәжіліс сайлауын халықаралық талаптарға сай емес деп тапқан еді.