Accessibility links

Украина бұдан былай Ресейден газ алмаймыз дейді


Украина үкіметі Ресейден келесі жылы газ сатып алмаймыз, газды Орталық Азиядан алатын боламыз деп мәлімдеді. Украина энергетика министрі Юрий Бойко Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстаннан келесі жылы кемінде 57 жарым миллиард текше метр газ алуға кепілдігіміз бар деп айтты кеше. Газ Ресей мен Украина тараптары құрған "РосУкрэнерго" компаниясы арқылы тасымалданбақ. Украина жылына 78 миллиард текше метр газ тұтынады. Украина бас министрі Виктор Янукович Украина арқылы Еуропаға шығатын Ресей газының тасымалына бөгет жасамаймыз деді.
XS
SM
MD
LG